БҚО-да жолды су шайып кетті

Батыс Қазақстанның екі ауданында жолдарды су жырып кетті.

Шыңғырлау ауданының орталығын Ақшат және Сегізсай ауылдарымен жалғайтын жолдан көлік өте алмай қалды. Ал Қаратөбе ауданында Қаратөбе-Қаракөл аралығы жабылды. Су жолдың Ақтайсай кенті тұсындағы 100 метрдей бөлігі мен 13 метрлік бетон құрылғыны бұзып кетті. Қазір бұл аумаққа арнайы белгі орнатылып, күзет қойылды. Қар күрт еріп, қауіп күшейгендіктен облыста жедел штаб құрылған. Ал бұзылған жол бөліктерін жөндеу жұмыстары су тоқтаған бетте жүргізіледі.