Елорда көшелерінде апат көбейді

Елорда көшелерінде апат көбейді

Дені жүргізушілердің кінәсінен болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол ережесіне қатысты 28 мың заңбұзушылықты тіркеді. 430 мас жүргізуші ұсталды. Мәселен, демалыс күндерінде елорда аумағында мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция департаментінің қызметкерлері 9 азаматты қолға түсірген.

Елжан Чупеков, қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- 2022 жылдың 3 айында жол көлік оқиғаларына талдау жүргізілді. 113 жол көлік оқиғасы тіркелді. Биыл өсу 0,8 пайыз. 121 адам жарақат алды. 2 адам қаза тапты.