Маңғыстау облысында ер адам көлігімен бірге жанып кетті

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылында ер азамат өз ауласындағы темір тұлпарының ішінде өртеніп, мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша 1968 жылғы жігіт Lada Granta көлігінде ұйықтап қалған. Сол кезде автокөліктің сымдары тұйықталып, өрт шыққан. Әзірге осындай болжам жасалды.  Қазір оқиғаның мән-жайын жауапты мамандар анықтауда.

ПАВЛОДАРДА БАЛА ДӘРІДЕН УЛАНЫП ҚАЛДЫ

Павлодарда 3 жасар бала дәріге уланып қалды. Фармацевт оның ата-анасына қателесіп, басқа препаратты сатып жіберген.  Оны ішкен бүлдіршіннің жағдайы күрт нашарлаған. Науқас бірден жедел-жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.  Ақ халаттылар оған антидепрессанттан улану диагнозын қойды. Қазір дәріхана қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 317-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

– Азаматша препарадты Лермотов көшесі бойындағы дәріханадан сатып алғандығы анықталды. Алайда ондағы қызметкер рецепт бойынша емес, шатастырып басқасын сатып жіберген. Қазір баланың жағдайы жақсы. Фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАЗАРДА  224 КОНТЕЙНЕР ӨРТЕНІП КЕТТІ  

Талғар қаласындағы орталық базарлардың бірінде өрт шығып, 224 контейнер жанып кетті. Құтқарушылар 900 шаршы метр аумаққа жайылған қызыл жалынмен күресті. Бастысы қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Көбіне киім сататын кәсіпкерлердің тауарлары өртенген. Жалпы аталған сауда орында барлығы 421 бутик бар. Қазір шығын көлемі есептеліп, өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Ол үшін оқиға орнына  Алматы облыстық ТЖД  Өрт сынақ зертханасына жіберілді.

ПЕТРОПАВЛДА  ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ САТҚАН   

Петропавлдық полицейлер қаладағы базарлардың бірінде лицензиясы жоқ темекі өнімдерін заңсыз сатқан адамды анықтады. Арнайы жүргізілген рейд барысында облыс орталығының 52 жастағы тұрғыны тауарларды өз еркімен беруден бас тартқан.  Бұл дерек бойынша Әкімшілік кодекстің 283-бабына сәйкес іс қоғалып, материалдар Петропавл қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотына берілді.