Алимент төлемей қашып жүрген әйел Ресейден табылды

Алимент төлемей қашып жүрген әйел Ресейден табылды
inform.kz

«Биыл балаларына алимент төлемей іздеуде жүрген 66 азаматтың қайда жүргенін таптық, - дейді Павлодар облысы ІІД көші-қон қызметінің басшысы Арман Уәлиев. – «Автопоток» және «Интегра» автоматтандырылған жүйелеріне борышкерлердің көлігі туралы мәліметтер енгізіледі.

Қазақстаннан шығып кеткен іздеуде жүрген 20 адамға қатысты олардың орналасқан жері бойынша мемлекеттердің ішкі істер органдарына хаттар жолданды».

«Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздеу – көші-қон қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Полиция департаменті мен жергілікті атқарушы органдар бұл салаға ерекше көңіл бөлуде», - дейді ПД.

Алимент төлемей қашып жүрген 36 жастағы әйел Ресейдің Владимир облысынан табылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жауапкерді іздеуді бастау үшін талапкердің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында тіркелген сот бұйрығы қажет.