Елімізде Qnet компаниясының басшылары тексеріліп жатыр

Елімізде Qnet компаниясының басшылары тексеріліп жатыр
YouTube

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесі Qnet компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды, банктік қызмет пен банктік операцияларды жүргізуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.

Іс бойынша сотталушылардың біріне қатысты үйқамаққа алу шарасына санкция берілді.