Павлодарда мектептегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда мектептегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодар мектебінде өрт оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

ТЖМ хабарлағандай, өрттің алдын ала себебі электрқұрылғыны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған. Тергеу амалдары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейін, нөмірі 28 мектепте өрт шыққан еді. Салдарынан мұғалім зардап шекті. Кешке төтенше жағдайдан кейін 8 сынып оқушысы ауруханаға бас ауруына шағымданған. Өрт кезінде мектепте барлығы 500 оқушы болды. Қазір олар қашықтықтан оқиды.