Алматы облысында әйелді екі бірдей баласымен көлік қағып, мерт қылды

Алматы облысында әйелді екі бірдей баласымен көлік қағып, мерт қылды
inform.kz

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні сағат 22:05 болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Audi-80» көлігінің жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел және екі кішкентай бала оқиға орнында мерт болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көліктің 19 жастағы жүргізушісі қамауға алынып, машина айып тұрағына қойылды.