Ақтау маңында қоқыс полигонынан алапат өрт шықты

Ақтау маңында қоқыс полигонынан алапат өрт шықты
Tengrinews.kz.

Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қоқыс полигонында өрт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқали негізгі өрт сөндірілгенін мәлімдеді. «Қазіргі таңда негізгі өрт ошағы сөндірілді. Жан-жақтан шығып жатқан өрттер күшейіп кетпеуі үшін айналасы топырақпен қоршалды. Мұнайлы ауданы төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы және «Маңғыстау жылу» МКК-ның ұжымы толық жұмылдырылды», – деді.

Оның айтуынша, адамдар зардап шекпеген.

Өрт орнында 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақтау әкімі де арнайы техникаларын жұмылдырды. Жағдай толық бақылауда екені хабарланды.