Жол апатынан екі адам қаза тапты – Павлодар облысы

Жол апатынан екі адам қаза тапты – Павлодар облысы
ҚазАқпарат

Көлік апаты Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный – Шалдай» автожолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 сәуір сағат 09:05-те Павлодар ауданы Шақат ауылының жанындағы «Шақат – Восточный-Шалдай» автожолының 2 шақырымында  болған. «ВАЗ 2110» маркалы автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі «ГАЗ 53» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2110» автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 1987 және 1978 жылы туған 2 адам оқиға орнында қайтыс болды. Одан бөлек, 1969 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілген. «Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүріп жатыр», – дейді ведомстводан.