Ақсуда балық аулаудан оралмаған ер адам іздестірілуде

Ақсуда балық аулаудан оралмаған ер адам іздестірілуде
Pavlodarnews.kz

8 мамырда Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны балық аулауға кетіп, үйіне ормалаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы «VITA» іздеу жасағы мәлім етті.

- 8 мамыр күні шамамен түнгі сағат онда 63 жастағы Сағидолла Сембайұлы Қиясов балық аулауға кеткен. Алайда, кейін байланысқа шықпаған, үйіне оралмаған, - деді іздеушілер жасағында.

Балық аулау орнында туысқандары оның өз қолымен жасаған қайығын, күртешесі мен аулаған балықтарын тапқан.

Туысқандары «VITA» іздеу жасағына өтініш жасаған.

Іздеушілер Сағидолла Қиясов туралы ақпарат болса WhatsApp желісіндегі 8 747 615 55 63 (Катерина) немесе 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.