БҚО-да ауыл тұрғындарына қасқыр шапты

БҚО-да ауыл тұрғындарына қасқыр шапты
Vsezhivoe.ru

Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына қасқыр шапты.

Оқыс оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауданына қарасты Шоқтыбай елді мекенінде болған. Түз тағысының тісі тиген төрт адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Олардың біреуі – бала. Ал қасқырды ауыл адамдары атып алған. Жыртқыш аңның басы құтыруға шалдығу белгілерін анықтау үшін ветеринар мамандарға жолданды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы