Нұр-Сұлтанда сегіз жасар баланы көлік қағып кетті

Елорда көшелерінің бірінде 8 жасар баланы көлік қақты. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі. Қалалық полиция департаменті Азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілер қырағы және барынша мұқият болу керек. Ал адамдар жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет. Мамандар ата-аналарға баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.