Ертіс өңірінде көлік жыраға аударылып кетті

Ертіс өңірінде көлік жыраға аударылып кетті
Tengrinews

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  29 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Қалқаман – Майқайың автожолының 42 шақырымында BMW-528 маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігімен жыраға аударылып  кеткен.

– Салдарынан жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде,  – деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1990 және 1995 жылғы  екі азаматтың да жағдайы ауыр екенін  хабарлады.