Павлодарда автомобиль жанып кетті

Павлодарда автомобиль жанып кетті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 5 маусымда сағат 08:46-да Ак. Шөкин көшесі мекенжайына автомобильдің жанғаны туралы хабарлама түскен. 

– Автотұрақта 6 шаршы метр аумақта 2013 жылы шығарылған ВАЗ 2172, 55 автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, – дейді департаментте. 

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 техника жұмыс істеді.