Қарағанды облысында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды

Қарағанды облысының Шет ауданында белгісіз індеттен 76 бас мал қырылды. Тағы 150-ге жуық ірі қараны мамандар бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауру симптомдары «қарасан» дертіне ұқсайды, - дейді ветеринарлар. Бұл ауру жас малда жиі кездеседі. Қажетті анализдер алынып, сараптамаға жіберілді. Бірер күнде нақты диагноз қойылып, тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ ауру дәлелденген жағдайда вакциналау жұмысын жүргізу мәселесі де қаралып жатыр. Бірақ, облыста вакцина тапшылығы бар. Қазір өңір тек 30 процентке қамтылған, - дейді мамандар.

Ержан Бекетбаев, Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекцияның жетекшісі:

- 4 жасқа дейінгі малдардың өлімі тіркеліп отыр, бүгінгі күні олардың барлығы өртеліп, жағылды. Жәнеде Шет ауданы Ақшоқы елдімекенінің кіреберісіне санитарлық бекет қойылды. Бұл адамдар мен техника кіріп-шыққан кезде дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.