Екібастұзда бес жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Екібастұзда бес жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Әкесі баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық бап бойынша тексерілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

13 маусым күні сағат 09:00-де кезекші бөлімшеге «103» жедел жәрдем диспетчерінен Энергетиктер көшесіндегі үйдің ауласында бала жатқаны туралы хабарлама түскен.

- Полицейлер ересектердің қарауынсыз қалған бес жасар баланың үшінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткенін анықтады. Бұрыннан мүгедек болған бала құлау салдарынан түрлі дене жарақаттарын алып, Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, - деді Екібастұз қалалық ПБ басшысы Қайыржан Шақарғалиев.

25 жастағы әкесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған айыппұл салудан бастап, екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза тағайындалуы мүмкін.