Павлодар тұрғыны марихуанамен ұсталды

Павлодар тұрғыны марихуанамен ұсталды
Pavlodarnews.kz

Оны «Қарасора 2022» жедел-алдын алу операциясын жүргізу барысында анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше,  полиция қызметкерлері  38 жастағы тұрғынды ұстады. Жеке тінту барысында сөмкеден өсімдік тектес сұр-жасыл түсті заты бар оралған 77  қағаз табылып, тәркіленді.

- Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес зерттеуге берілген заттар салмағы 30 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.