Қарағанды іргесінде қураған шөп өртенді

Қарағанды іргесінде қураған шөп өртенді

Қарағанды қаласының іргесінде ағаштар мен қураған шөптер жанып жатыр.

Өртті сөндіруге 70 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылды. Желдің салдарынан қызыл жалын күш берер емес.

Айта кетейік, дәл осындай оқыс жағдай екі күн бұрын да болды. Ол кезде 3 га алқап жанып кетті.  Өрт адамдардың салғырттығынан шықты дейді мамандар.