Еліміздің әскери горнизондарынан 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Еліміздің әскери горнизондарынан 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Еліміздің әскери горнизондарында киім-кешек пен жеке қорғану құралдары сияқты ұрлау деректері тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығынның жалпы көлемі 825 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл туралы бас әскери прокуратура мәлімдеді. Ұрлық фактілері Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында тексеріс кезінде анықталған. 8 қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары айналысады және тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.