«Қазфосфат» компаниясының жетекшілігіне қатысты сот алды тергеуі басталды

Кәсіпорын басшылығы монополиялық жағдайды асыра пайдаланып, заңсыз жолмен табыс көруді мақсат еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады. 11-інші шілдеде Тараздағы минералды тыңайтқыштар зауытының газ шығарындылары мөлшерден тым асып кеткен болатын. Салдарынан қаланы қою түтін тұмшалады. Таяуда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазфосфатқа» қатысы бар компания көп мөлшерде тыңайтқыш сатқанын, және бағаны әдейі жоғарылатқанын айтқан болатын.