ШҚО-да жоғалып кеткен үш жасар бала табылды   

ШҚО-да жоғалып кеткен үш жасар бала табылды   

Шығыстағы Ұлан ауданының Таврия ауылында кеше түнде жоғалып кеткен үш жастағы бала, аман-есен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, балақай кеше ауладан шығып кетіп, содан үйге оралмаған. Облыстық Ішкі істер департаментіне әкесі хабарласып, көмек сұраған. Сол сәттен бастап шұғыл шаралар қабылданып, ауыл іші мен төңірегі 16 секторға бөлініп, 621 адам мен бір тікұшақ іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Олар жақын маңайдың бәрін шарлап шыққан. Осылайша кеше жоғалған үш жастағы Әділхан Сейсембай бүгін таңертең ауылдан үш шақырым жердегі алқаптан аман-есен табылды.