Бюджеттен ақша жымқырған кәсіпкер сотталды

Қостанай облысында мемлекеттен 96 миллион теңге көлемінде субсидия алып, ақша жымқырған кәсіпкер 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл шаруашылығы саласындағы компанияның директоры жергілікті шаруалармен келісіп, картоп тұқымдарын сатып алуға субсидия алған. Тексеріс кезінде кейбір шаруалардың картоп емес, бидай өсірумен айналысатыны анықталды. Айыпталушы фермерлерге жалған ақпарат бергені үшін 1 жарым миллион теңге беруді уәде еткен. Қаржы мониторигі агенттігі бұл дерек бойынша 5 қылмыстық іс қозғады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында іс жүзінде ауыл шаруашылығы тауар өнімдері деректері Агропромтрэйд ЖШС -нен картоп тұқымын ешқашан сатып алмағаны және өсірумен айналыспағаны анйқталды. Кейбір ЖШС жұмыс істемейтін шарауашылықтар болып, ал шаруа қожалықтары тек бидай жинаумен айналысқан. Өз ЭЦҚ ұсынғаны және шарттарды бекіткені үшін сыйақы беруге уйде берген.