Елордада соңғы бір айда жол ережесін бұзудың 17 мың жағдайы тіркелген

Елордада соңғы бір айда жол ережесін бұзудың 17 мың жағдайы тіркелген

Бұл туралы 19 шілдеден бері «Қауіпсіз жол» шарасын өткізген полицейлер мәлімдеді. Соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілері 164 мәрте ереже бұзса, тағы жүзден астам адам жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Ол аздай 114 жүргізуші көлікті мас күйінде айдап, тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Тағы 316 адам  темір тұлпарды құжатсыз басқарыпты. Жол ержесін бұзғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 463 көлік айып тұрағына жеткізілді. Сонымен қатар 3,5 мың жүргінші  жолды кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды.