Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматы қолға түсті

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматы қолға түсті

Кеген ауданы Іле Алатауы жотасының таулы шатқалдарының бірінен ұсталған ол шекарашыларға оқ атқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда ешкім жарақаттанбаған, барлығы дін-аман. Қызметкерлердің  құжатыңды көрсет деген талабын ескермеген шетелдік ізін суытуға тырысқан. Алайда шекарашылар оны сол сәтте қамауға алыпты. Заң бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен ержүректігі мен батылдығын ескере отырып оларды марапаттау көзделіп отыр.