Қарағанды облысында өндірістегі жол апатынан екі адам мерт болды

Қарағанды облысында өндірістегі жол апатынан екі адам мерт болды

Қарағанды облысындағы «Молодежный» көмір кенішінде жол апаты болып, екі адам мерт болды. Тағы үш адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірнеше тонна болатын «Белаз» жүк көлігі бұрылыста «Уаз» автокөлігін байқамай жаншып өткен. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. 

Жансая Жүнісова, облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156 бабы 4- бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаны анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.