Қостанайда қару-жарақ дүкенінен шыққан өрт жақын маңдағы үйлерді шарпыған. LIVE

Қостанайда бірнеше ғимарат пен жеке үйлер әлі жанып жатыр. Қару-жарақ дүкенінен шыққан жалын жақын орналасқан нысандарды орапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүкеннің жертөлесінде екі адамның қалып қойғаны туралы айтқан едік. Қалған ақпаратты тікелей эфирде арнаның меншікті тілшісі Мағауия Қалиев баян етеді.