Қостанайдың Әулиекөл ауданында өрт шықты

Қостанайдың Әулиекөл ауданында өрт шықты

Мұнда Қазанбасы ауылынан 20 шақырымдай жерде орман алқабын от шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өртті сөндіруге желдің екпіні мен күннің ыстығы кедергі болып тұр дейді мамандар. Қазір аймақта 36 градус ыстық. Шөп те қаулап өскен әрі жол да жоқ. От қазір Семиозерное орман алқабына да жеткен. Өртпен қазір 500-ге тарта маман, бірнеше техника, тіпті пойыз бен  ұшақ және тікұшақ күресіп жатыр. Әскери бөлім қызмектерлері мен курсанттар және басқа да өңірлерден келген қызметкерлер жұмылдырылған.