ТЖМ: өрт мұнай базасына жеткен жоқ

Әулиекөлдегі мұнай базасына өрт таяп қалды деген хабар тараған болатын. Бірақ өрт сөндірушілер жалынды базаға жеткізбеді. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрттің ауқымы қосымша күш жіберетіндей болып тұр. Осы сәтке дейін өңірде мыңдаған гектар орман өртеніп кетті.