Абай облысында өрт сөндіруші қызмет барысында қаза тапты

Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау барысында қаза тапты.

Оқыс оқиға 7 қыркүйек күні Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде болған. 112 кезекші пультіне құрғақ шөптің жанып жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жіберілді. Қызыл жалынды сөндіру барысында олардың үшеуінің денесін  түрлі дәрежедегі күйік шалған. Салдарынан сөндіру бекетінің жүргізуші қызметкері 36 жастағы Айдос Тоғызбаев алған жарақатына ауруханада көз жұмды. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін марқұм ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылып отыр.