Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Виталий Пак қолға түсті

«БТА-банкінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың сыбайласы, халықаралық іздеудегі Виталий Пак қолға түсті.

Оған 2011 жылы Әблязовтың ісі бойынша іздеу салынған. Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді. 2006-2008 жылдар аралығында Виталий Пак басқарған «Жаңа Қалқаман» серіктестігі Мұхтар Әблязовтың көмегімен заңсыз несие алып отырған. Осылайша, сыбайластардың әрекеті нәтижесінде 8,9 млрд теңгеден астам қаражатты қолды болған. 2019 жылы Виталий Пактың Қытайдың Ченду қаласында жүргені анықталды. Кейін қорғаушысымен және жақын туыстарымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Виталий Пак Қазақстанға келуге ниетті екені жөнінде жазбаша өтініш жолдады. 27 тамызда еліміздің Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп, Виталий Пакты Алматы қаласындағы тергеу абақтысына жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.