Маңғыстау облысында жол бойында қараусыз жүрген 200-дей ірі қара арнайы тұраққа қамалды

Маңғыстау облысында жол бойында қараусыз жүрген 200-дей ірі қара арнайы тұраққа қамалды

Тәртіп сақшылары бұған дейін шаруа қожалық иелеріне бірнеше рет ескерту жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар 3 АЕК мөлшерінде айыппұл төлегеннен кейін ғана төрт түлігін ала алады. Соңғы уақытта жолда мал  қағу дерегі салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы 10-нан астам жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған. Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алу үшін үй жануарларын қадағалап, мойнына жарық шағылыстырғыш лента тағу қажеттігін тұрғындарға ескертіп келеді. 

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық ПД Сыртқы және ішкі коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Республикалық маңызы бар «Ақтау-Шетпе» тас жолында 200-ге жуық иесіз төрт түлік автомобиль жолында жүру бөлігінен өткен. Жол көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында бұл іс-шара тұрақты негізде өткізілетін болады. Малдарыңызды әсіресе түнгі уақытта қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз.