Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Оқиға бүгін сағат 15:00 шамасында Атырау облысындағы Қызылқоға ауданы Сағыз-Миялы облыстық тас жолының 15 шақырымында болған.

Toyota Ipsum мен Lada Granta автокөліктері соқтығысып, салдарынан Қызылқоға ауданының 5 тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Полиция департаментінің мәліметінше, аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен тергеу басталған.