Ақмола облысында қос аққуды атқан қаскүнем ұсталды

Ақмола облысында әлдекім екі бірдей аққуды атқан. Қаскөйді полицейлер ұстады. 

Атқан адамның аңшы куәлігі де бар екен.  Ал аққу қызыл кітапқа енген құс. Оны қазақ кие тұтып, атуға болмайды деп ежелден -ақ айтып келеді. Бірақ қаскөй соны біле тұра атқан. Өзі құс көзге ілінген соң ата салдым деп түсіндірген.