Ленин атындағы шахтада болған апаттан зардап шеккен 4 кеншінің екеуі бүгін ауруханадан шықты

Ал қалған 2 кенші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас сүйек-мидың ашық жарақатын алған екі науқасқа өткен бейсенбіде операция жасалды. Ота сәтті өтіп, денсаулығы жақсарып келеді, - дейді дәрігерлер.

Еске сала кетсек,  қарашаның 3 күні түнгі сағат 3-тер шамасында Ленин атындағы шахтадағы жарылыстан 5 адам мерт болды. 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олар метан газына уланған  және дене жарақаттарын алған.