Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматыда екі автобус соғысып, 19 адам зардап шекті. Бір адам жедел жәрдем жеткенше қаза тапты.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 17 адам әртүрлі жарақатпен қаланың ауруханаларына жеткізілген. Біреуі медициналық көмектен бас тартқан. Екі қоғамдық көлік Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында соқтығысқан. Жол апатына байланысты полиция арнайы сараптамалардың тағайындалғанын хабарлады.

Жандос Айтбай, тілші