«Астана-Теміртау» тасжолында автокөліктері сынған 5 адам құтқарылды

Кеше кешкі сағат 21.00 шамасында «Астана-Теміртау» тасжолында автокөліктері сынған бес жүргізушіге көмек көрсетілді.

Олар жылыту бекетіне жеткізілді. Көлік қыс мезгілінде жолда бұзылса, не істеу қажет және қайда бару керек? Алдымен көлік құралын ең қауіпсіз жерде тоқтатып, басқа жүргізушінің қозғалысына кедергі келтірмеу шарт. Апаттық белгіні қосып қойыңыз. Содан соң 1403 нөміріне, тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа қоңырау шалыңыз.