Қарағандыда екі автобустың соқтығыстынан жүгізушінің бірі қайтыс болды

Қарағанды қаласына кіреберістегі көпір үстінде екі автобус соқтығысып, жүргізушінің бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Он бес адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде екінші автобустың жүргізушісі де бар. Қоғамдық көліктер  қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдайды. Автобустың бірінде жолаушы болмаған. Құтқарушылар мерт болған жүргізушінің денесі мен тағы 8 адамды шығарып алған. Істің мән-жайын полиция анықтауға кірісіп кетті.

Бақытжан Құдияров,  Облыстық пд баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда тергеу тобы және ТЖ мамандары жұмыс істеуде. Аталған факті полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚО ПД жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрайды.