Қарағандыда газ баллоны жарылысынан 1 адам мерт болды

Қарағандыда жер үйлердің бірінде 50 литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

1953 жылғы әйел адам мен 2014-ші жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жеткен, 13:10 кезінде өрт сөндірілді. Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмған. «Қалған екі науқастың жәй-күйі орташа ауыр», - дейді дәрігерлер. Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.