Қарағандыда біреулер қала ортасындағы шыршаларды отап кетті

Қарағандыда бәзбіреулер қаланың қақ ортасында өсіп тұрған шыршаларды отап кеткен.

Тағы екі шыршаны түбімен шауып алыпты. Бұл іске қатысты полиция іс қозғап, күдіктіні іздестіріп жатыр. Олар бұл ағаштарды заңсыз кесу дерегі бойынша биылғы жылдағы алғашқы жағдай деп отыр. Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағы басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек, шамамен 30 шырша кезінде меншікті компания құрылыс салып, ағаш кескені үшін өтемақы ретінде егілген. Бүгінде оның 20-ға жуығы жап-жақсы өсіп шыққан. Алайда оталған шыршалардың орны ойсырап тұр.

Дмитрий Калмыков, "Қарағанды экомузейі" ҚБ даму жөніндегі директоры

- Өкінішке орай, бұл шыршалар әлі иесіз. Осыдан үш жыл бұрын теректерге электрондық билет жасау үшін 65 млн теңге бөлінген. Онда олардың кімнің балансында екенін анықтап, санап шығуы тиіс еді. Әкімдік оларды өз балансына алмай отыр. Соның салдарынан иесіз дүниеге бәрі құмар. Мемелекет заң шеңберінде де айыппұлдарды өсірген. Бірақ, айыппұл арқалағандар жайлы да ақпарат жоқтың қасы.