Қарағанды облысы Ақтау кентінде өрттен 6 адам қаза тапты

Қарағанды облысына қарасты Ақтау кентінде көпқабатты үйде болған өрт салдарынан 6 адам қаза тапты.

Өрт туралы хабар түнгі 1:50- де келіп түсіпті.  Бірінші қабаттағы пәтер алапат өртке оранған. Төтенше жағдай мамандары келгенше тұрғындар өз күшімен 5 адамның мәйітін аулаға алып шыққан. 2007, 2010- шы жылғы екі ұл бала және 1983, 1991-ші жылғы екі әйел адам және 1991-ші жылғы ер азамат. Ал өрт сөндірушілер келген соң тағы бір 1977-ші жылғы ер адамның мәйіті табылған. Қаза тапқандардың тек біреуі сол өртке оранған пәтер тұрғыны, қалғаны сыртқа қашып шықпақ болып, алайда ыс тиіп уланған көршілер. Қазір 3 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Өртті жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Нұрболат Дербісов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитет төрағасы:

- Өртті жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілер жұмыс істеуде. Өрт фактісі бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.