Жетісу облысында боранда қалғандар құтқарылды

Жетісу облысында боранда қалған отыз адам құтқарылды.

«Үшарал-Достық» автожолының «Ырғайты» учаскесінде және «Үшарал-Достық» автожолында қар құрсауында қалған 17 автокөліктен барлығы 30 адам құтқарылды. Құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Ешкім зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Мамандар қыста жолға шығар алдында ауа райын зерделеп, 1403 немесе 112 телефоны арқылы құтқару қызметіне хабарласып барынша сақ болуды ескертеді. Бүгін сондай-ақ Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды қазгидромет. Абай болыңыздар.