Ақтөбе облысында мектеп автобусы жол апатына түсті

Ақтөбе облысының Темір ауданында мектеп автобусы жол апатына ұшырады.

Салдарынан жүргізушісі. оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады. Қайғылы оқиға «Ақтөбе-Астрахан» тас жолында болған. Автобус Шұбарқұдық пен Жақсымай ауылдары арасында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған көрінеді. Жүргізуші балаларды үйлеріне жеткізіп өзі қайтып келе жатқанда жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір оқиғаның себебі анықталуда.   

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмағаны анықталды. Қазіргі таңда ҚР-ның қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.