Ақтөбе облысында он күн ішінде 600-ге жуық жүргізуші жол ережесін бұзған

Полиция департаментінің 5 көлігінде орнатылған «авто-ураган» жүйесі жүгенсіз жүргізушіні бірден анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа кешен жылдамдықты арттыру, бағдаршам мен жол белгілерін елемеу сияқты деректерді автоматты түрде ортақ серверге жолдап отырады. Бұл,, инспектор мен жүргізуші арасындағы байланысты мейлінше азайтып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Сондай-ақ, жүйе арқылы полицейлер,, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған,, немесе төленбеген әкімшілік айыппұлы алименттік борышы бар жүргізушілерді де анықтап, жауапқа тартады. 

Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПС бастығының орынбасары:

- «Авто ураган» жүйесі көмегімен ҚР ҚК 346-бабы бойынша көлік құралын мас күйінде қайта басқарғаны үшін 5 жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұрын жол қозғалысы ережесін бұзған 48 шетелдік есептегі көлік анықталды. Сонымен қатар 20 желтоқсанда осы жүйенің көмегімен бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, есірткі пайдаланған, мас күйдегі жүргізуші анықталып отыр.