Өскеменде көлігін ауланың кез келген жеріне қоя салатын жүргізушілер айыппұл арқалайды

Жергілікті полиция қызметкерлері мен құтқарушылар бірлесіп рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар құтқару қызметінің техникасына бөгет болған темір тұлпарларды жаппай айып тұрағына алып кетті. Шақыртуға асығып бара жатқан арнайы техникаларға жол бермейтін жүргізуші де көп. Өрт сөндірушілердің айтуынша, қала ішіндегі  әрбір екінші өртті дер кезінде сөндіруге аула ішіндегі көліктер кедергі болады. Әсіресе демалыс күндері мен мереке қарсаңында жағдай қиындап кетеді.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Тұрғын үйлердің аулаларына кіріп-шығудың өзі қиындап кетеді. Жолға қойылған көліктер біздің жұмысымызға кедергі келтіретіні сөзсіз. Сондықтан халықтан қауіпсіздік шараларын сақтауды және темір тұлпарларын подьездің алдына қалай болса, солай қоймауды сұраймыз.