Шымкентте 600-ден астам үй газдан ажыратылды

Шымкентте алты жүзден астам жеке тұрғын үй таңнан бері табиғи газсыз отыр.

Себебі таңғы сағат 05:30 шамасында Құрсай шағын ауданындағы газ құбырына «Опель» маркалы автокөлігі жоғары жылдамдықпен соғып, зақым келтірген. 612 абоненттен бөлек бір өнеркәсіп өндірісіне залал келді. Полицейлер жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Газ саласының мамандары тұрғын үйлерді кешке дейін көгілдір отынға қосамыз дейді.