Түркияда Қазақстан құтарқушылары үйінді астынан 4 адамды және 14 мәйітті алып шыққан

Қазақстандық құтарқушылар үйінді астынан 4 адамды және 14 мәйітті алып шыққан.

Ал Нұрдагы қаласындағы жұмыс жасап жатқан мамандар екі тәулік бойы ойық қазып, адамдарды сол арқылы сыртқа алып шығып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі адамдарды құтқару барысы жайында бейнетаспа жариялады. Онда арнайы қазылған ойық арқылы екі тұрғынның сыртқа шығарылғанын көруге болады. Құтқару кезінде зардап шеккендермен үзіліссіз аудиобайланыс орнатылып отырған. Құтқарушылар әр адамды жол бойы өз денелерімен қалқалап, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.