Ақтауда есірткіні пәтерде өсіргендер ұсталды
Ақтауда баспана ішінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды.
Күдіктілер 22-шағын аудандағы көп қабатты үйлердің бірінде тұрған. Тәртіп сақшылары пәтерді тінту кезінде 17 ыдысқа егілген есірткіге ұқсас өсімдіктерді тапқан. Сондай-ақ еліткіш зат дайындауға қолданылған құралдарды тәркіледі. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Әйгерім Ибадуллаева, ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:
- 31 және 41 жастағы күдіктілер құрықталды. Аталған дерек ҚР қылмыстық Кодексінің 300-бабың 2-бөлігі, яғни құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп, өсіру бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.