Көкшетауда мұнара кран құлап, бір адам жазатайым көз жұмды
Оқыс жағдай салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жедел-жәрдем қызметі жеткенше, кран жүргізуші көз жұмды. Қазір тергеу басталды.
Гүлнәр Пинчук, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Оқиға салдарынан 28 жастағы азамат қайтыс болды. Осы іс бойынша полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 277-бабының 2-ші бөлігі «тау-кен құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.