Талдықорғанда кәсіпорын қоймасы өртенді
Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған кәсіпорынның қоймасында өрт шықты.
Кеше кешкісін ғимараттардың бірінде пластик пен қағаз қалдықтары жанған. Жалынды өшіруге қаладағы бірнеше өрт сөндіру бөлімшелері мен 7 техника жұмылдырылды. Өрт бір жарым сағатта ауыздықталды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша, жалын аптап ыстықтан тұтанған болуы мүмкін.
Сергей Огай, ТЖД басқарма бастығы:
- Алдын ала мәлімет бойынша өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыды. Оның нақты себебі мен келтірілген шығыны анықталып жатыр.