Зорлау бойынша күдікті болған полиция бастығы қызметінен босатылды
Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды.
Мұны өңірге арнайы сапармен барған Ішкі істер министрі Ержан Саденов полицияның жеке құрамымен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ оның бірінші орынбасары Жасұлан Байкеновке ескерту жасады. Облыстық департамент бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары және тергеу бойынша орынбасары да өз қызметтерінен босатылды. Еске сала кетейік, Талдықорған полиция басқармасының бастығы кабинетінде қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған болатын.